«Қытайдан келген гельді жұмыртқалардың» қалай жасалатыны көрсетілді (ВИДЕО)

0
1 151

Резеңкелі жұмыртқалар жұрттың үрейін алған болатын.


«Қытайдан келген гельді жұмыртқалардың» қалай жасалатыны көрсетілді (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. «Ыстықкөл құсфабрикасы» кәсіпорынының директоры Сталбек Мамбеталиев «резеңкелі» жұмыртқалардың қалай пайда болатынын айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Директор ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мамандарына жұмыртқалардың жасалуын көрсетті.

«Қатты суыққа ұшыраған жұмыртқалар қайнағанда осындай тығыз болып қалады. Тауықтың жұмыртқасын қолдан жасау мүмкін емес», — деді Мамбеталиев.

Директор бірнеше жұмыртқаларды, сонымен қатар, тоңазытқышта жатқандарды қайнатты. Сосын қытайдың жасанды заты деп мәлімдеме жасаған Оштың тұрғыны сияқты жұмыртқаларды көрсетті.

Осыған дейін желіде Өскемендегі «пластмассалық» жұмыртқалар жайлы видео пайда болған.