Қытайдың Циндао қаласы ШЫҰ мәдени астанасы болып жарияланды

0
426

Бұл туралы Астанада өткен отырыста белгілі болды.


Қытайдың Циндао қаласы ШЫҰ мәдени астанасы болып жарияланды

ERNUR.KZ. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) 2024-2025 жылдарға арналған мәдени астанасы аталды. Бұл туралы ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің Астанадағы 24-ші отырысында жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қытайдың Циндао қаласы ШЫҰ-ның 2024-2025 жылдарға арналған мәдени астанасы болып жарияланды.

1891 жылы негізі қаланған Циндао ҚХР-ның 15 ірі қаласының қатарына кіреді. Қала – Қытайдың кинематографиялық орталығының бірі. 2008 жылы мұнда XXIX Олимпиада ойындарының жарыстары өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті.