Қытайға астық жеткізу 1 қыркүйектен бастап шектеледі

0
766

Тыйым Қытай тарапынан жасалған шектеуге байланысты, деп түсіндірді компания.


Қытайға астық жеткізу 1 қыркүйектен бастап шектеледі

ERNUR.KZ. Қазақстан-Қытай шекарасындағы Достық станциясында астық контейнерлері 1 қыркүйектен бастап қабылданбайды, деп жазады sputnik.kz.

Тыйым Қытай тарапынан жасалған шектеуге байланысты, деп түсіндірді компания.

"Қытай тарапы Алашанькоу станциясының қайта тиеу алаңында жөндеу жұмыстарына байланысты контейнерлерде жүктерді қабылдауға шектеулер енгізді", - делінген Ұлттық компанияның хабарламасында.

Сондықтан "Қазақстан темір жолы" 2023 жылғы 1-10 қыркүйек аралығында Қазақстанның барлық станцияларынан ҚХР-дағы Достық станциясы арқылы контейнерлерде астық жүктерін, ұнтақтау өнімдерін, кебекті, дақылдарды тасымалдауға уақытша тыйым салуды енгізеді, деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі.
"Бұл ретте Қытай тарапы астық жүктерін қабылдауды жабық вагондарда (қаптарда) және астық тасымалдаушыларда жүзеге асыратын болады", - деп қосты ҚТЖ.