Сот құқық бұзушыларды кінәлі деп танып, әрқайсысына 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
фото: Sputnik / Айсулу Жумагулова
ERNUR.KZ. Қыз алып қашу арқылы тұрғындарға пранк жасаған блогерлер жауапқа тартылды, деп жазады sputnik.kz.
Үш блогер "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша сот алдында жауап берді.
Оқиға 14 қазанда қаладағы дәмханалардың бірінің алдында, қоғамдық орында болған. Блогерлер пранк түсіру мақсатында қызды айқай-шумен күштеп көлікке отырғызып, адамдардың тыныштығын бұзған.
Сотта олардың кінәсі хаттама, видео және фотоматериалдар, басқа да түрлі айғақтармен толық дәлелденді.
Сот құқық бұзушыларды кінәлі деп танып, әрқайсысына 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


