Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Арыс қаласында әскери қызметкер оқ жарақатын алды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 16 қыркүйекте болған.
"Тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде Арыс гарнизоны әскери бөлімдері бірінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі травматикалық қарудан басынан жарақат алды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Алдын ала ақпарат бойынша отбасылық-тұрмыстық жанжал аясында өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Әскери қызметкер аудандық ауруханаға жеткізілді. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта денсаулық жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, дейді әскери гарнизон.