Қызылорда облысында босануға келген әйел 1,5 ай комада жатып көз жұмды

0
1 276

Дәрігерлер әйелдің жатырын кесіп тастап, мұны 1,5 ай бойы жасырып келген.


Қызылорда облысында босануға келген әйел 1,5 ай комада жатып көз жұмды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында босанбақ болып жүрген 35 жастағы әйел ауруханада бір жарым ай бойы ес-түссіз жатып, қайтыс болған, деп жазады stan.kz.

Марқұмның отбасы қайлығы жағдайға дәрігерлерді кінәлауда. Олар әйелді аман алып қала алатынын айтқан. Сорақысы сол, олар әйелдің жатырын кесіп тастап, мұны жасырып келген.

Марқұмның жұбайы Кенжебай Өтеновтің сөзінше, жұбайының ай-күні жақындап, толғағы қысқанда аудандық ауруханаға алып барыпты. Емхана берген жолдамада әйелінің денсаулығы жақсы екені жазылғандықтан, мұндай қайғыға тап боламыз деп ойламапты. Алайда босанған күнінің ертесіне Әлия Өтенова комаға түскен. Отбасындағылардың сөзінше, ес-түссіз жатқан бірнеше күнінде-ақ дәрігерлер оны аман алып қалатындарын айтыпты. Тіпті, сауығып кетеді деп сендіріпті. Бірақ 45 күн комада жатқан әйел ес жимастан қайтыс болған.

«Бәрі жақсы, уайымдайтын ештеңе жоқ. Орнынан тұрады», - деді дәрігерлер. 21 күн өткеннен кейін көп қан кеткендіктен жатырын алып тастағанын естідік», - дейді марқұмның күйеуі.

Туыстары дәрігердердің ес-түссіз жатқан Әлияның жатырын ешкімге ескертпестен алып тастағанына қапалы.

Ал денсаулық сақтау басқармасындағылар Әлия Өтебаеваға облыс, тіпті, республикалық деңгейдегі дәрігерлер қолдан келер емдеу шараларын жасағанын айтады. Бұл жағдайға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалыпты.

«Мұндай асқыну өте сирек орын алады. Акушерлік асқыну болып табылады. Не себепті қайтыс болғанын анықтау үшін, сот-медициналық сараптама жүргіздік. Оның қорытындысы бір ай көлемінде дайын болады», - дейді денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Жаңыл Әбубәкірова.

35 жастағы әйелдің өлімінің себебі сараптама нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болмақ. Ал бұл дәрігерлердің ағаттығынан болды деп шағымданған отбасы құзырлы органдар істің ақ-қарасын анықтаса екен дейді.