Биыл індет басталғаннан бері қалада 54 адам кене шаққан.
ERNUR.KZ. 2023 жылы Қызылорда облысында конго-қырым геморрагиялық қызбасының 13 жағдайы тіркеліп, оның біреуі клиникалық және зертханалық түрде расталған. 18 сәуірде осы аурудан бір адам көз жұмды, деп жазады Stan.kz
Қызылорда конго-қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Инфекцияның тасымалдаушылары – иксодид кенелері.
Биыл індет басталғаннан бері қалада 54 адам кене шаққан.
"Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – ауыр зардаптарға әкелетін жұқпалы ауру. Инфекцияның көзі және тасымалдаушысы – иксодид кене. Ауру сәуірден қазанға дейін кененің көбеюіне байланысты ушығады. Көбіне ауылшаруашылық қызметкерлері осы ауруды жиі жұқтырады", – делінген хабарламада.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары:
- Далада жұмыс істегенде, мал баққанда, кене шағып алмас үшін жеңі ұзын жабық киім киіп, шалбарды шұлықтың ішіне тығып, резеңке қолғап киіп, дененің ашық жерлерін толығымен жабу керек;
- Кене шаққан жағдайда оны қолмен алып тастамаңыз, қысқышпен абайлап алыңыз. Шаққан жерді йодтың 5% спирт тұнбаларымен немесе 70% спиртпен өңдеп, дереу жақын жердегі медициналық мекемеге хабарласу керек.