Қызылорда облысында кішкентай қыз тәттіге қақалған інісін құтқарып қалды

0
789

Оқиға бейне бақылау камерасына түсіп қалған.


Қызылорда облысында кішкентай қыз тәттіге қақалған інісін құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында қыз мармеладқа қақалып, тұншығып қалған 5 жасар інісін құтқарып қалды. Оқиға бейне бақылау камерасына түсіп қалған, деп жазады ulysmedia.kz.

Оқиға Арал ауданында болған. Кадрдан Аружан есімді қыздың інісі Абзалдың қақалып қалғанын байқап, жүгіріп шыққанын көруге болады. Ол бірден арқасынан ұрып, еңкейтіп, сілки бастайды. Қуанышқа орай, қыздың әрекеті бауырының өмірін сақтап қалған.

"Жарайсың! Өте батыл қыз! Кейде үлкендердің де қолынан келмейтін ерлікті жасады! Туыстар осындай болу керек! Мектепте балаларға алғашқы көмек көрсетуді үйретсе, жақсы болар еді", – деп пікрі қалдырды желі қолданушылары.