"КамАЗ" бен "Nexia" маркалы екі автокөлік соқтығысқан.
фото: Рixabay
ERNUR.KZ. Қызылорда облысының Қарабұтақ – Шымкент – Қызылорда тас жолында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 22 тамыз сағат 7 шамасында болған.
"КамАЗ" бен "Nexia" маркалы екі автокөлік соқтығысқан. Қазір тепгеу жүріп жатыр", - дейді Қызылорда облысының полиция департаменті.
Тергеу барысын полиция департаменті бақылауға алды.
Әлеуметтік желіде қаза болғандардың Өзбекстан азаматы екені айтылып жатыр.


