Қызылордада 7 жасар қыздың аяғы жылу батареясына қысылып қалды

0
218

Бүлдіршінге құтқарушылар көмекке келді.


Қызылордада 7 жасар қыздың аяғы жылу батареясына қысылып қалды

Фото: ҚР ТЖМ

ERNUR.KZ. Оқыс оқиға 6 сәуір күні Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған, деп жазады inbusiness.kz.

"Шақыру бойынша оқиға орнына барған құтқару жасағының қызметкерлері арнайы гидравликалық құралмен жылу батареясынан қыз баланың аяғын шығарып алды. Бала өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ", - делінген хабарламада.

Осы орайда құтқарушылар балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретіп, жалғыз қалдырмауға кеңес береді.