Қызылордада автокөлік жаяу жүргіншілер жолында үш адамды қағып кетті

0
847

Оқиға салдарынан көз жұмғандар жоқ.


Қызылордада автокөлік жаяу жүргіншілер жолында үш адамды қағып кетті

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында автокөлік жаяу жүргіншілер жолында үш адамды қағып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталмыш оқиға Қызылорда қаласының орталық бөлігіндегі М.Әуезов көшесінде болды. Автокөлік иесі жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан үш адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан көз жұмғандар жоқ. Жәбірленушілер медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті ем алды. Оқиға орнында күдікті жүргізуші ұсталды.

«Аталмыш оқиға негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мəн-жайлар анықталуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.