Қызылордада кітап қоры 1 миллионнан асатын кітапхана салынып жатыр

0
286

Кітапханада заманауи оқу және конференция залдары, мұрағат бөлімі, баспахана, медиазертхана, подкаст студиясы болады.


Қызылордада кітап қоры 1 миллионнан асатын кітапхана салынып жатыр

фото: Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, өңірде салынып жатқан нысандармен танысты, деп жазады sputnik.kz.
Делегация алдымен президент саябағы аумағындағы тоғыз қабатты 15 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Жалпы құны 22 млрд теңге болатын жоба республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған.
Жұмыс сапары кезінде Мемлекет басшысының қолдауымен салынған Ботаникалық бақ та назардан тыс қалмады. Президент саябағы аумағындағы кешенде Қытай, Жапония, Оңтүстік Африка, Аустралия, Мадагаскар, Оңтүстік және Орталық Америкадан әкелінген 92 түрлі 3,3 мыңнан астам экзотикалық және тропикалық өсімдік отырғызылған.