Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінген болатын.
Фото: naturecreation.com
ERNUR.KZ. 27 мамырда Қызылордада 16 жастағы оқушы қызды азаптау, зорлық-зомбылық көрсету, бопсалау және жезөкшелікке тарту ісі бойынша апелляциялық сот отырысы өтті, деп жазады stan.kz.
НеМолчи қорының мәліметінше, қызды ұрды деп айыпталған Т. Ұ. и Қ. А., есімді екі қыз 4 жыл 8 айға сотталғаны хабарланды. Олар өз кінәларын мойындап, моральдық шығынды төлеп, кешірім сұрады.
"Сыныптасының ағасы 4 жыл 6 айға сотталды. Ол өз кінәсін мойындап, ағасы Қ. Д.-дан қорқып, зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Сыныптас-құрбысы Н.М. мен оның әпкесі А.Ж., сыныптасы Қ.Д., тағылған айыппен және жазамен келіспейді", – делінген қор хабарламасында.
Қордың хабарлауынша, қылмыстар WhatsApp хат алмасулары, видеолар және ақша аударымдары арқылы дәлелденді.
Сондай-ақ іске үш бопсалаушы Т.А., Б.А., Т.Д қатысты. Олардың біреуінің қорғаушысы олардың қорғауындағы сотталғанның жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха аталмыш іс бойынша 13 күдікті ұсталғанын мәлімдеген. Сексуалды құлдықта болған 16 жастағы қыз сараптама кезінде қысым көргенін айтып шағымданған еді. 2024 жылдың 11 қарашасында бұл іс бойынша алғашқы үкім шықты. 2024 жылдың 13 желтоқсанында іс бойынша екінші үкім шықты. 2024 жылғы 24 желтоқсанда үшінші үкім шығарылды. 2024 жылдың 26 желтоқсанында төртінші үкім шықты.