Күдікті ретінде кәмелетке толмағандар ұсталып, полицияға жеткізілді.
фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков
ERNUR.KZ. Қызылордада 10 сынып оқушысын қатарластары ұрып соққан, деп жазады sputnik.kz.
10 сынып оқушыларының әжетханада таяқ жегені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Ақпаратта оқушының анасы баласының ауыр соққы алғанын жазған. Оқиға 8 қазанда болған.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Адамдар тобымен жасалған бұзақылық дерегі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ретінде кәмелетке толмағандар ұсталып, полицияға жеткізілді", - дейді Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Сондай-ақ кінәлі жасөспірімдердің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылады.