Қызылордада оқушыны өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды

0
336

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Қызылордада оқушыны өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында 9-сынып оқушысының өліміне алып келген ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды, деп жазады Zakon.kz.

Мұны Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.


Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

"Сондай-ақ аталған қылмысқа қатысы бар тағы екі адамға қатысты бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Оларға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.