Қызылордада суға батып кеткен елордалық жасөспірімнің денесі табылды

0
474


Қызылордада суға батып кеткен елордалық жасөспірімнің денесі табылды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында дарияға суға батып кеткен 15 жастағы жасөспірімнің денесі табылды. Ол елордадан экскурсиямен келген, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға 6 маусымда Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата кесенесі тұсындағы дария аумағында тіркелген.

Мәлім болғанындай, жасөспірім анасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласынан экскурсиялық сапармен жүрген. Анасы кесене басында белгісіз себеппен баланы жоғалтып алған. Кейіннен жасөспірімнің дарияға батып кеткені анықталды.

«Іздестіру жұмыстары 6 маусымда сағат 15.20-да басталды. Алғашқы күнгі іздестіру шаралары нәтиже берген жоқ. Ол сол күні кешкісін уақытша тоқтатылып, келесі күндері қайта жалғасты. Құтқарушылар баланың денесін бүгін, 8 маусымда 7.50-де суға түскен жерінен 10 шақырымдай қашықтықтан тапты», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Осыған дейін экскурсия жасау мақсатымен қызылордаға келген жасөспірімнің суға батып кеткенін жазған болатынбыз.