Қызылордада трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісіне үкім шықты

0
610


Қызылордада трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісіне үкім шықты

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында жалған ақшаның заңсыз айналымына қатысы бар трансұлттық қылмыстық топқа қатысты сот процесі өтті, деп жазады Zakon.kz.

Ведомство таратқан ақпарат бойынша, Қызылорда облысының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының шешімімен топ басшылары мен мүшелері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрғандары және оған қатысқандары, сонымен қатар жалған ақшаны өткізгендері үшін кінәлі деп танылды.