Лингвистикалық комиссия Тоқаевтың қазақшасынан бір қате таппады

0
1 385

Жолдасбеков Тоқаев жазба жұмысында Абайдың поэзиясы мен қара сөздерінің халыққа беретін маңызы туралы терең жазғанын атап өтті.


Лингвистикалық комиссия Тоқаевтың қазақшасынан бір қате таппады

ERNUR.KZ. Бүгін президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді меңгеруден емтихан тапсырды. Лингвистткалық комиссия кандидатты қазақ тілін толық меңгерген деп таныды, деп жазады stan.kz.

Лингвистикалық комиссия жұмысын бастады. Тұңғыш үміткерден емтихан алынды. "Нұр Отан" партиясы ұсынған үміткері Қасым Жомарт Тоқаев келіп емтихан тапсырды. Екі сағат деңгейінде бізде болды. Ережеге сәйкес емтиханды тапсырды.

Бірінші "Абай поэзиясы мен қара сөздері" тақырыбын, екінші мәтін оқуға Шерхан Мұртазаның "Мыңбұлақ" әңгімелері мен хикаялар жинағын таңдап алды. Үшінші өзінің жанына жақын тақырып Қазақстанның геосаясаты туралы әңгімелеп берді", - деп айтты комиссия төрағасы.

Жолдасбеков Тоқаев жазба жұмысында Абайдың поэзиясы мен қара сөздерінің халыққа беретін маңызы туралы терең жазғанын атап өтті.

"Бір де бір қате көргеніміз жоқ. Өткен жолғы президентіміз де осылай жазған еді. Шерхан Мұртазаны өзі таңдап алды. Үш бетін мәнерлеп, ырғақпен оқыды. Таң қалдым. Қазақстанның қазіргі геосаясаты туралы терең толғады. Комиссияның мүшелері толық қатысып, пікірлерін толық айтты. Лингвистикалық комиссияның қорытындысы - Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік тілді толық меңгерген", - деп айтты Жолдасбеков ОСК қабырғасында.

Ол лингвистикалық комиссия алдына келетін кандидаттарға шын жүректен табыс тіледі.