Жүк пойызы көлікті соғып, оны жыраға түсіріп жіберген.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында Nissan Teana автокөлігінің жүргізушісі келе жатқан пойызды байқамай қалып, жол апатына себепші болды, деп жазады Stan.kz.
Оқиға 9 наурыз күні Батыр ауылында орын алған. 
"Жүк пойызы көлікті соғып, оны жыраға түсіріп жіберген. Бұл өткелде жол белгілері көрсетілген. Жүргізушіге қатысты әкімшілік кодекс бойынша хаттама толтырылды", - делінген ресми хабарламада.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
