Маңғыстау облысындағы мерзімді сарбаздың өлімі: соталды тергеу жүргізіліп жатыр

0
649

Ерлан Құтқожа жарылыс полигонда өткізіліп жатқан оқу-жаттығу орнында емес, сарбаздар тұрмыстық қоқыстарды тазалап жатқан жерде болғанын түсіндірді.


Маңғыстау облысындағы мерзімді сарбаздың өлімі: соталды тергеу жүргізіліп жатыр

ERNUR.KZ. Оймаш полигонындағы мерзімді сарбаздың өлімі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ақтау гарнизонының бас әскери прокуроры Ерлан Құтқожа айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Ақтау гарнизонының бас әскери прокуроры Ерлан Құтқожа бұл істі Ақтау гарнизонының прокуратурасы мен Бас әскери прокуратура ерекше бақылауына алғанын мәлімдеді.

"Бұл дерекке қатысты 453-баптың 2-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Кеше өлімнің нақты себебін анықтау үшін мәйітке аутопсия жасалды. Сараптама нәтижелерін күтеміз" - деді Ерлан Құтқожа.

Ерлан Құтқожа жарылыс полигонда өткізіліп жатқан оқу-жаттығу орнында емес, сарбаздар тұрмыстық қоқыстарды тазалап жатқан жерде болғанын түсіндірді.

"Жарылыс салдарынан тағы бір әскери қызметші, 2000 жылы туған сержант жарақат алды. Қазір ол ауруханада, оның жағдайы қанағаттанарлық, өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда белгісіз зат жарылып, сарбаз қаза тапқаны хабарланған еді.