Барлығы Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылған.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға салдарынан зардап шеккен үш бала Ақтауға жеткізілді, - деп жазады Tengrinews.kz
Дәрігерлер Қарақия ауданындағы тасжолда жантүршігерлік апаттан зардап шеккен балалардың өмірі үшін күресіп жатыр. Барлығы Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылған.
"Бір жарым жасар бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер жабық краниоцеребральды жарақат, желке сүйегінің сынуы, субарахноидальді қан кету, есінен тану диагнозын қойды. Жағдайы ауыр. 8 жастағы қыздың да жағдайы ауыр, есін жинаған жоқ. Жасанды тыныс алу аппаратынан шығарылды. Өзі тыныс алып жатыр. Сондай-ақ, оған бассүйек-церебральды жабық жарақаты, мидың геморрагиялық контузиясы, фронталь аймақта көгерген жара, перинэяның жарылуы, оң жақ мықын сүйегінің сынуы диагнозы қойылды", - деді баспасөз қызметі өкілі.
Қалған 9 және 10 жастағы қыздар жарақат бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланған. Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасайды.