Маңғыстауда жауған жаңғақтай бұршақ малды қырып кеткен

0
1 572

Бірнеше минуттың ішінде жер қыстағы кейіпке еніп аппақ болған.


Маңғыстауда жауған жаңғақтай бұршақ малды қырып кеткен

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Үштаған ауылында ірі бұршақ жауып, өрістегі малды қырып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Мәлім болғандай, 24 мамырда Маңғыстау ауданы Үштаған ауылына қатты бұршақ жауған. Куәгерлер көлемі грек жаңғағындай бұршақтардың суреттерін әлеуметтік желіге жариялады.

Куәгерлердің атап өтуінше, бұршақтар өсімдіктерді жайпап, өрісте жүрген жануарларды өлтіріп кеткен. Бірнеше минуттың ішінде Үштаған ауылы қыстағы кейіпке еніп, барлық жер ағарды.