Желіде апат орнынан түсірілген видео жарияланды.
ERNUR.KZ. Республикалық Ақтау - Бейнеу тасжолының 325-шақырымында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, деп жазады Tengrinews.kz.
Қайғылы оқиға 28 шілдеде түс ауа болған. Lada Priora көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes Benz S-320 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Желіде апат орнынан түсірілген видео жарияланды.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші, Lada Priora көлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан қаза болды. Сонымен қатар, екі жолаушы зардап шекті, олар жақын маңдағы аудандық ауруханаға жатқызылды", - деді облыстық полиция өкілдері.
Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданының полиция бөлімінде соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.