Маска кию мен вакциналау: Індетке қарсы қауіпсіздік қайтадан күшейтіледі

0
502

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шектеу шараларын күшейткен.


Маска кию мен вакциналау: Індетке қарсы қауіпсіздік қайтадан күшейтіледі

ERNUR.KZ. Тиісті тапсырманы үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов жүктеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырудың көбейгенін, әсіресе, елорда және Қарағанды облысында өскенін көріп отырмыз. Күн сайын республика бойынша 3 мыңға дейін жағдай тіркеледі. Бұл – жоғары көрсеткіш», - деді Смайылов.

Оның айтуынша, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шектеу шараларын күшейткен. Олар өңірлермен және «Атамекен» палатасымен алдын ала келісілген.

«Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуі қажет. Шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету керек. Маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты алдын алудың негізгі шаралары қатаң сақталуы керек. Вакцинациялау мен ревакцинациялаудың төмен қарқыны эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлап кетуіне алып келеді. Сондықтан, әкімдіктерге халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырамын. Барлық проблемалық мәселелерді Ведомствоаралық комиссия отырыстарында жедел қарап, тиісті шаралар қабылдау қажет», - деген Смайылов бұл шаруаны бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.