parlam.kz. Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Майкл Гиффордты қабылдады. Бұл тараптардың алғашқы кездесуі.
фото: parlam.kz
parlam.kz. Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Майкл Гиффордты қабылдады. Бұл тараптардың алғашқы кездесуі. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Ұлыбританиямен жан-жақты және өзара тиімді қатынастарды нығайту Қазақстанның сыртқы саясатындағы ең маңызды бағыттардың бірі. Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толып, осы уақыт ішінде сенімді саяси үнқатысумен қатар, екіжақты қарым-қатынас стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті. Мәжіліс Төрағасы Ұлыбритания тарапына Қазақстанның маңызды бастамаларына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелерге назар аударды.
Мәжіліс Спикерінің айтуынша, цифрлық экономиканы күшейту, цифрлық қызметтерді ұсыну, инновациялық орталықтарды заңнамалық қамтамасыз ету бағытында британдық әртіптестердің тәжірибесі қызығушылық тудырады. Парламентаралық байланыс мәселесіне келгенде Н. Нығматулин қазақстандық парламентшілердің британдық әріптестерімен ынтымақтастық жөніндегі топтар мен бейінді комитеттер арқылы іс-сапарлар жасап, тәжірибе алмасуға, заң-шығармашылық әріптестікті күшейтуге ынталы екенін жеткізді.