Бұл зорлау оқиғасынан кейін елден кеткен үшінші қазақстандық әйел адам.
ERNUR.KZ Алматы қаласындағы "Медеу" мұз айдынының дәретханасында зорланған қазақстандық бойжеткен елден кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында "НеМолчи" қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі жазды.
"Әйелдерді қорғаңдар... "Медеудегі" дәретханада зорланған ару елден кетті. Мен ол үшін өте қуаныштымын, енді оның жақсы жұмысы бар және өзін қауіпсіз сезінеді. Бұл зорлау оқиғасынан кейін елден кеткен үшінші қазақстандық әйел адам", - деді белсенді.
Еске сала кетсек, осы жылдың наурыз айында отбасылы алматылық жігіт жас қызды "Медеу" мұз айдынына кездесуге шақырып, арам ойын әжетханада жүзеге асырған.
Осыдан кейін ер азамат жауапқа тартылды.
Маусым айының соңында Алматы қалалық Медеу аудандық сотында 1988 жылы туған айыпталушыға үкім шықты.
Сот оны 120-баптың 1-бөлігі бойынша орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 3,6 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, ол бір ай ішінде 300 мың теңге көлемінде моральдық шығынды төлеуге міндеттеді.