Мединеден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Оманда шұғыл қонды

0
312

Ұшақ Оман астанасы Маскат қаласына қонған.


Мединеден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Оманда шұғыл қонды

Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

ERNUR.KZ. Мединеден (Сауд Арабиясы) Алматыға бағыт алған SCAT әуе компаниясының ұшағы жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлауына байланысты Омандағы әуежайға мәжбүрлі түрде қонды, деп жазады inform.kz.

Оқиға туралы ақпаратты әуе тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметі растады.
— Медине — Алматы бағыты бойынша рейс орындау кезінде жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлады. Бортта оған қажетті көмек көрсетілді. Алайда әрі қарай медициналық бақылау қажет болғандықтан, әуе кемесінің командирі Омандағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Ұшақ қонғаннан кейін жолаушы медициналық қызмет мамандарына тапсырылды. Жолаушылардың қауіпсіздігі, өмірі мен денсаулығын сақтау — әуе компаниясы үшін негізгі басымдық, — деді SCAT әуе компаниясының өкілі Виктория Старожилова ресми сауалға берген жауабында.

Ұшақ Оман астанасы Маскат қаласына қонған. Жолаушы дәрігерлерге тапсырылып, ем қабылдау үшін сол елде қалған. Оның қазіргі жағдайы туралы ақпарат жарияланбады.

Қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін әуе кемесі қалған жолаушылармен бірге сапарын жалғастырып, Алматы әуежайына сәтті қонды.