Медициналық анықтама қағазын сатқандар: вице-министр агенттіктің өзін бас салды

0
1 467

OLX, Satu.kz сайттарында сатылатын медициналық анықтама қағаз туралы жарнама өріп жүр.


Медициналық анықтама қағазын сатқандар: вице-министр агенттіктің өзін бас салды

ERNUR.KZ. Медициналық анықтама қағазын сату мәселесі автоматтандыру жүйесі деңгейінде шешу қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Cыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте өткен жиында Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.

- Анықтама қағазға келетін болсақ, иә, мұндай мәселе бар бізде. Бұл мәселені министрлік шешуге тырысып жатыр. Біз оны аурухана жұмысының барлық процесін цифрландыру арқылы шешуге болады деп отырмыз. Яғни, ондай жағдайда адамдар денсаулығының жағдайын растайтын қағазға жүгінбейді, бәрі компьютерден өздігінен көрініп тұрады, - дейді Надиров.

Сондай-ақ, ол бүгіндері жұмысқа орналасқанда және белгілі бір лауазымдарға тағайындаларда талап етілетін медициналық анықтамалар тізімін қайта қарап жатқандарын да айтты.

"Медицина қызметкерлерінің анықтама қағазды сатуына түрткі бірнеше факторлар бар. Өткен жылы агенттіктің де өзі осы негіздегі заңсыздықтарды анықтаған. Мысалы, бір түпкі қараңғы бөлмеде көп қағазға мөр басылып, үлкен көлемде жан-жаққа таратқан. Әріптестеріңіздің мына мәселеге назарын бұрғым келеді. Медициналық ұйымның қызметкерлері мұндай көп фактіні анықтап, уәкілетті органдарға, соның ішінде агенттікке береді. Қолмен ұстап алғандай етіп. Ал нәтижесі қайда? Сол фактілердің көбісі сотқа жетпейді. "Бұзалықылық" дейді де жібере салады көбіне.
Қадағалаушы органдар тарапынан, неге екенін білмеймін, қандай да бір шектеуші шаралар қабылданбайды. Тағы айтайын, қадағалаушы органның осалдығынан осы анықтама қағазы деген қылмыстық іс қозғайтын деңгейге жеткен" - деп атап өтті Денсаулық сақтау вице-министрі.

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте өткен жиында медициналық мекемелердің анықтама қағазды сату мәселесі тағы да қозғалды. Министрдің орынбасары Олжас Бектенов сұраныс пен ұсыныс болып тұрған кезде анықтама қағазды сату мәселесі сипат алып, өзекті бола беретінін айтты.

"Біздің өз учаскелеріміз бойынша нұсқаулар бердік. "Адалдық алаңын" да бұл мәселе шешіміне ат салысуға шақырдық. OLX, Satu.kz сайттарында сатылатын медициналық анықтама қағаз туралы жарнама өріп жүр. Бұл, әрине, халық тарапынан сұраныс бар екенін көрсетеді. Ешкім кабинеттен кабинетке жүгіріп жүргісі келмейді. Одан да ақысын төлеп, қағазды сатып алған тиімді көпшілікке. Әрине, ақшасын төлеймін деген соң медицина қызметкерлер де қарап қалмайды" - деді Бектенов.