Қор Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры қатысушылары үшін хабарландыру тетігін енгізу мәселесін пысықтап жатыр.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ел азаматтарына сақтандырудың тоқтатылатындығы жайлы алдын ала ескертпек. Бұл жайында Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысында аталған қор төрағасының орынбасары Индира Саркенова айтты, деп жазады inform.kz.
Оның атап өтуінше, қор Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры қатысушылары үшін хабарландыру тетігін енгізу мәселесін пысықтап жатыр.
- Таяуда біз Еуразиялық банкпен push-хабарландыру жіберу бойынша бірінші келісім жасастық. Олардың клиенттері алғашқылардың бірі болып мұндай хабарлама алады. Хабарлама тәуекелді төмендету үшін алдын ала телефонға келеді. Жүзеге асыру және жүйемізбен ықпалдастыру 2025 жылдың қаңтарынан басталады. Бұл шара халық алдын ала сақтандырылғанын не сақтандырылмағанын білуі, сонымен қатар сақтандыру әрекетінің тоқтатылу себебін түсінуі үшін қабылданып отыр, - деді қор төрағасының орынбасары.
Индира Саркенова аталған жүйені ықпалдастыру екінші деңгейлі өзге де банктермен жалғастырылады.
Осыған дейін жазғанымыздай, бұдан былай шетелге көшіп кеткен азаматтарға МӘМС аясында дәрі-дәрмек рәсімдеу мүмкін емес.