Мейрамбек Бесбаев қызын перзентханадан дүркіретіп тұрып шығарып алды (видео)

0
124

Бұл сәби әншінің үшінші перзенті.


Мейрамбек Бесбаев қызын перзентханадан дүркіретіп тұрып шығарып алды (видео)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. «Музарт» тобының мүшесі, танымал әнші Мейрамбек Бесбаев жұбайы Мархабат Беспаева мен қызын перзентханадан дүркіретіп шығарып алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев жазып, видео жүктеді.

«Ал. қызымыздың бауы берік болсын! Балапанымыз инабатты, ақылды, білімді болып өссін. Сіздерге де жұғысты болсын», - деді әнші.

Әншінің оқырманы да қуанышқа ортақтасып, өздерінің игі тілектерін жазып жатыр.