Мектептегі дене шынықтыру сабағын бағалау жүйесі өзгертіледі

0
880

Мектеп жасындағы 2 млн бала дене шынықтыру үйірмелерімен қамтылған. Қазақстанда екі жылда 100-ден астам дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.


Мектептегі дене шынықтыру сабағын бағалау жүйесі өзгертіледі

ERNUR.KZ. Қазақстандағы мектептерде дене шынықтыру сабағындағы бағалау жүйесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде дене шынықтыру сабағында бағалауды өзгерту мәселесін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында жұмыс тобы қарастырып жатыр», - деп жазды Е. Тоғжанов депутаттық сауалға жауап бере отырып.

Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы базасында 5-9 сыныптар үшін «Дене шынықтыру» сабағының оқыту бағдарламасына өзгерту мен толықтыру енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мектеп жасындағы 2 млн бала дене шынықтыру үйірмелерімен қамтылған. Қазақстанда екі жылда 100-ден астам дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.