Мектептерде "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәнін бөлу жоспарланып отыр

0
1 193

​Бұған қоса, "Әлем әдебиеті" пәні енгізілуі мүмкін.


Мектептерде

ERNUR.KZ. 2024 жылдан бастап мектептерде "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні екіге бөлінеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Министрдің айтуынша, биылдан бастап "Көркем еңбек" пәнін бұрынғыдай екі түрлі пәнге бөлу жоспарланып отыр. Яғни 2016 жылға дейін болғандай "Еңбек" және "Бейнелеу өнері" деп бөлінеді.
"Мектептерде "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәнін 2024 жылдан бастап бөлу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі тіл мен әдебиетті оқытатын пәндердің мақсаттары әртүрлі", - деді Аймағамбетов.
Сондай-ақ ол қазақ мектептерінде "Әлем әдебиеті" пәнін жеке оқытуға қатысты мәселе бұрыннан көтеріліп келе жатқанын атап өтті.
Аймағамбетов мұны дұрыс ұсыныс деп санайды. Оның пікірінше, балалар қазақ, орыс әдебиетін ғана емес, әлем әдебиетін де білуі керек.
Бұған дейін мектептерде ағылшын тілі 1-сыныптан емес, 3-сыныптан бастап оқытылатыны хабарланған болатын.