Мемлекет басшысының сөзінше, өкілдіктердің әкімдерге функционалды тұрғыда бағыныштылығын төмендету және Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдерді тағайындау кезінде Бала құқықтары жөніндегі омбудсменінің рөлін күшейту маңызды.
ERNUR.KZ. 29 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы өкілетті омбудсмендермен және құқық қорғау құрылымдарының өкілдерімен кездесуінде Астанада салынған жаяу жүргіншілер жерасты өткелі туралы айтты, деп жазады Zakon.kz.
Мемлекет басшысының сөзінше, өкілдіктердің әкімдерге функционалды тұрғыда бағыныштылығын төмендету және Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдерді тағайындау кезінде Бала құқықтары жөніндегі омбудсменінің рөлін күшейту маңызды.
"Жақында Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Бұл жұмыста инклюзивтілікті дамытуға баса назар аудару керек. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар жеңілдіктерді пайдаланып қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласу мүмкіндігіне ие болуы қажет. Мысалы, Астанада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалмаған жерасты өткелі салынды. Бұған мүлде жол беруге болмайды", - деді президент.
Тоқаевтың сөзінше, әәкіл олардың әлеуметтік тұрғыда бейімделуі үшін инфрақұрылымды дамытуға қатысты жобалар әзірледі. Үкімет оларды қолдау және жақын арада жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруы керек.
"Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін заңнамалық тұрғыда бекіту қажет. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге еліміздегі бизнес-ахуалды жақсартуға қатысты маңызды міндет жүктеледі", - деді ол.