Мемлекет басшысы бес тілде хабар тарататын Jibek Joly телеарнасына барды

0
597

Президент телеарна ұжымына алғыс айтып, қызметкерлерге шығармашылық табыс тіледі.


Мемлекет басшысы бес тілде хабар тарататын Jibek Joly телеарнасына барды

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің құрамына кіретін Jibek Joly телеарнасының жаңа аппараттық-студиялық кешенін аралап көрді, деп жазады inform.kz.

Мемлекет басшысына әлемдік стандартқа сай хабар тарататын және камера-роботтармен жабдықталған жаңа заманауи студия таныстырылды.

Президентке Телереадиокешеннің Бас директоры Раушан Қажыбаева Ultra HD форматында лайф режимде хабар таратуға мүмкіндік беретін, жоғары технологиялық заманауи құралдар қолданылған студия жабдықтарын көрсетті.

Телеарна бес тілде хабар таратады. Жаңалықтар студиясы ілеспе аударма жасай отырып, тікелей эфирде жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері жұмысының маңызын және олардың кәсібилігін атап өтті.

Президент телеарна ұжымына алғыс айтып, қызметкерлерге шығармашылық табыс тіледі.