Мемлекет басшысы Черногория Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

0
268


Мемлекет басшысы Черногория Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

ERNUR.KZ Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады baq.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Цетине қаласында орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Президент Черногория халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.