Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті

0
99

Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға келісті.


Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті

Грузия тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында өзара қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.

Көлік-транзит, энергетика және туризм секілді бағыттарға басымдық бере отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтудің жай-жапсарына айрықша назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға келісті.