Мемлекет басшысы Қазақстанның бірқатар азаматын мемлекеттік наградамен марапаттады

0
505

Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккендерге үй салған азаматтардың еңбегі ескерілді.


Мемлекет басшысы Қазақстанның бірқатар азаматын мемлекеттік наградамен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысының Әулиекөл ауданында тұрғын үйлерді салуға белсене қатысқан азаматтарды мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлығы шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқаны үшін:

«Құрмет» орденімен:

  • Ибраимов Дәулет Дулатұлы – «Строй Элит Дом» ЖШС байқаушы кеңесінің төрағасы;
  • Қарамакин Бауыржан Сәбитұлы – «СК КВS» ЖШС директоры;
  • Орымбаев Нұрлан Бахытжанұлы – «Рудныйсоколовстрой» АҚ бас директоры;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен:

  • Владимирова Оксана Рашитовна – «Рудныйсоколовстрой» АҚ «Отделстрой» ҚБ аға прорабы;
  • Жақсалықов Олжабай Баймендіұлы – «БК-Строй» ЖШС тас қалаушысы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

  • Арыққұлов Ерболат Болатұлы – «Строй Элит Дом» ЖШС бригадирі;
  • Әбдіков Дархан Жәнібекұлы – «Алюминстрой» ЖШС директорының орынбасары;
  • Бекжанов Тайыр Ренатұлы – «Алия-Сервис» ЖШС филиалының директоры;
  • Бораш Әбдірахман Әбдіхалықұлы – «Парасат Строй Проект» ЖШС директоры;
  • Ким Сергей Романович – «БК-Стройпром» ЖШС директоры наградталды.