Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті

0
557

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды.


Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті

Мемлекет басшысы облыс халқымен кездесуінде өңірдің ерекшеліктеріне тоқталып, өлкені жан-жақты өркендетуге толық мүмкіндік бар екенін атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында тұрғындарының саны 2,5 есе өскен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ой-пікірін жеткізді.

Президент, ең алдымен, Маңғыстаудың өңдеу өнеркәсібін және бизнес саласын дамыту қажеттігіне назар аударды. Мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі – ұлттық экономиканы іс-жүзінде әртараптандыру. Сондай-ақ терең өңделген дайын өнім шығаратын өндіріс орындарын ашу қажет.

– 2023-2026 жылдары 29 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Соның нәтижесінде 3 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Үкіметке және әкімдікке барлық жобалардың уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Облыста кәсіпкерлікті дамыту үшін де зор мүмкіндіктер бар. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің ішкі өңірлік өнімдегі үлесі 32 пайызға жетті. Осы салада 140 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Өңдеу өнеркәсібі, туризм, сауда, сондай-ақ білім беру және медицина саласында кәсіпкерлер саны артып келе жатқаны қуантады. Яғни, облыс экономикасы әртараптана бастады деуге болады. Аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуға «Мен – кәсіпкермін» жобасы тың серпін берері анық, – деді Мемлекет басшысы.