Мемлекет басшысы өңір әкімдеріне Құрбан айтқа байланысты тапсырма берді

0
500

Үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс, деді мемлекет басшысы.


Мемлекет басшысы өңір әкімдеріне Құрбан айтқа байланысты тапсырма берді

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауды тапсырды, деп жазады zakon.kz.

Ертең бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Елде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Сондықтан біз жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауымыз керек, - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін.

Үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет, - деді Тоқаев.