Президент жедел іс-қимылдың нақты жоспары қажет екенін мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қазақстанда коронавирусқа қарсы күрес бойынша жедел жоспар құруға және вакцина алған адамдар санын көбейтуге бір ай уақыт берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
"Бүгін көтерілген барлық мәселе үкіметтің ерекше бақылауында болуы тиіс. Жедел іс-қимылдың нақты жоспары қажет. Қабылданған шаралар туралы бір ай мерзімде баяндама жасауды сұраймын", - деді Тоқаев.