Мемлекет қаражатына тұруға жарамсыз пәтер сатып алған азамат сотталды

0
128

Қоныс аударушы жымқырған 4 млн теңгені мемлекетке қайтарды.


Мемлекет қаражатына тұруға жарамсыз пәтер сатып алған азамат сотталды

фото: Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Меңдіқара ауданында 4 млн теңге субсидияны жымқырған тұрғын сотталды, деп жазады sputnik.kz.
2023 жылы мамырда қоныс аударған тұрғын мемлекеттік субсидиямен Сосновский ауылдық округінің Приозерное ауылынан пәтер сатып алған. Бірақ ол бұл мекен-жайда тұрмаған.
"Тексеру кезінде үйдің жарияланған құнына сәйкес келмейтіні және өмір сүруге жарамсыз екені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде куәгер, яғни үйді сатқан адам үйді небәрі 350 000 тенгеге сатқанын айтты. Ал қоныс аударушыға мемлекет баспана үшін 4 млн теңге субсидия берген. Үйдің иесі оны қоныс аударушының жеке шотына аударғанын айтты", — дейді ведомстводағылар.
Банк сертификаттарын текергенде қаражаттың жылжымайтын мүлік сатушысына аударылмағаны да анықталды.
Мемлекеттің қаражатын жымқырған үй сатып алушы аудандық сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан шектелді. Жымқырған 4 млн теңгені мемлекетке қайтарды.
Айта кетейік, 2023 және 2024 жылдарға арналған ішкі еңбек нарығын қорғауға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, сондай-ақ жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қолдау үшін бюджеттен қоныс аударушыларға қаражат бөлінген болатын.