«Менің Қазақстаным» фотобайқауы басталды

0
1 740

Әрбір тақырыптық санаттың жеңімпаздары сыйлық сертификаттарына және басқа да жүлделерге ие болады


«Менің Қазақстаным» фотобайқауы басталды

ERNUR.KZ. QazaqGeography «Менің Қазақстаным» фотобайқауын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

QazaqGeography ұсынған «Менің Қазақстаным» фотобайқауы 2018 жылғы 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.

Байқаудың міндеті — табиғат, қалалар, адамдар, Астана – төрт тақырыптық санатындағы ең қызықты, шығармашыл және әдемі фотосуреттерді табу. Атап өтсек, қазылар алқасының құрамында QazaqGeography басшылығы Қанат Байғарин және Жана Рүстем, жобалар менеджері Нұржан Алғашов, сондай-ақ, PrimeMinister.kz бас редакторы Александр Белиловский және кәсіби фотографтар Деонисий Мить, Максим Золотухин бар.

Сонымен қатар, әрбір тақырыптық санаттың жеңімпаздары сыйлық сертификаттарына және басқа да жүлделерге ие болады, ал қазылар алқасы іріктеген үздік фотосуреттер QazaqGeography фотокөрмесінде ұсынылады. Астана суреттері, сондай-ақ, елорда тарихы жөніндегі қызықты графикалық, мәтіндік, картографиялық ақпаратты қамтитын «Астана: тарих кезеңдері» интерактивті жобасында жарияланатын болады.

Айта кетейік, фотобайқауға қатысу үшін QazaqGeography мүшесі болу қажет. Мүшелік Қоғамның іс-шараларына және экспедицияларына қатысуға мүмкіндік береді. QazaqGeography қоғамына кіру және қатысу шарттары туралы толығырақ сайттан білуге болады.