Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың несие мәселесі қалай шешіледі

0
523

ҚР Қарулы Күштерінің құралымдарының қатарында мерзімді әскери қызметтін өткерген азаматтар үшін ЖОО-ға түсудің жеңілдіктері қарастырылған.


Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың несие мәселесі қалай шешіледі

ERNUR.KZ. ҚР Қарулы күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстар департаментінің бағыт аға офицері Руслан Тапашев мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың кредитіне қатысты каникулы туралы айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер мерзімді әскери қызметтегілерге кредит бойынша каникул беру мүмкіндігі туралы сұрады.

«Қарулы күштер қатарына шақырылған 7 мың адамда несиесі бойынша төлем жасау мерзімі өтіп кеткен. Олардың осы мәселесі қалай шешілмек?» деп сұрақ қойды тілші.

«Жастар әскерге шақыртылған кезде әскери комиссариат арқылы оларға тиісті анықтама ұсынылады. Егер олар шақырту кезінде тиісті анықтаманы алмаса, онда әскери бөлімдегі командирі тиісті құжатты береді. Бұл анықтаманы несиесі бар сарбаздар банктер мен қаржы ұйымдарына тапсырады», - деді Р. Тапашев.

Оның айтуынша, әскер қатарындағы сарбаздар тауыстарының атына сенімхат бере алады. Осы орайда сарбаздың жақындары банкке тиісті өтінімді тапсырады.

Айта кетейік, ҚР Қарулы Күштерінің құралымдарының қатарында мерзімді әскери қызметтін өткерген азаматтар үшін ЖОО-ға түсудің жеңілдіктері қарастырылған.