Министр Қазақстанға коронавирус дертінің келмеуінің сырымен бөлісті

0
603

Вирустың Қазақстанда анықталмауының ешқандай құпиясы жоқ.


Министр Қазақстанға коронавирус дертінің келмеуінің сырымен бөлісті

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус анықталмауының сырымен бөлісті. Ол мұнда таңқалатындай ештеңе жоқ екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Журналистер баспасөз конференциясы кезінде Елжан Біртановқа "Қазақстанда коронавирус анықталмауының сыры неде?" деген сұрақ қойды.
Сауалға жауап берген министрдің сөзінше, сақтық шаралары туралы дәрігерлер мен Денсаулық сақтау минитрлігінің шенеуніктер күн сайын айтып отыр.
"Бет пен қолды өңдеу, тұрақты гигиена - бұл коронавирустан қорғайтын ең жақсы құрал. Сондай-ақ науқас адамдармен, дене қызуы жоғары адамдармен байланысқа түспеу, коронавирус тіркелген елдерге қажетсіз сапарлаудан бас тарту - осының арқасында аурудың алдын алуға жақсы мүмкіндік бар", - деді Біртанов.
Оның сөзінше, вирустың Қазақстанда анықталмауының ешқандай құпиясы жоқ. Министр коронавирус - Өзбекстан мен Ресейде де жоқ екенін айтты.
Сондай-ақ ол егер елімізде инфекция анықтала қалған жағдайда бірден хабар беруге уәде берді. Оның айтуынша, вирус тіркелген елдерге індет сырттан сапарлап келгендер арқылы тараған. Қазақстан әуе байланысына шектеу қойғандықтан, инфекцияның кіру мүмкіндігі аз.
"Бірақ елдер бірінен соң бірі өздерінде коронавирус анықталғанын айтып жатқанын есепке ала отырып, біз ғана стерильді аймақта қалуымыз мүмкін емес. Сол себепті біз дайындалып жатқанымызды жоққа шығармаймыз", - деді Біртанов.