Министр қос азаматтық алған этникалық қазақтардың мәселесі елдің сыртқы саяси ведомствосы мен үкіметінің басты назарында екенін атап өтті.
фото: © Sputnik / Болат Шайхинов
ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайда ұсталған 12 Қазақстан азаматының тоғызы босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .
Министр қос азаматтық алған этникалық қазақтардың мәселесі елдің сыртқы саяси ведомствосы мен үкіметінің басты назарында екенін атап өтті.
Оның айтуынша, сыртқы істер министрлігінде қиындыққа тап болған 170-тей этникалық қазақ туралы ақпарат бар.
"Олардың туыстары бізге жүгінді, жұртшылықтан ақпарат алып жатырмыз. Олардың тағдырына бей-жай қарамаймыз. Бірақ сіздер мынаны түсінулерің керек, Қытай азаматтары туралы сөз болғанда, халықаралық Вена конвенциясына сәйкес, басқа мемлекеттің ішкі істеріне араласуға жол берілмейді. Сондықтан бұл өте нәзік мәселе", — деді министр.