​"Министрлік бірдеңені жасыратындай": Цой Pfizer вакцинасын Қазақстанға жеткізу туралы айтты

0
449

БАҚ өкілдері аталған вакцинаның Қазақстанға жеткізілу мерзімі және жеткізу құны туралы ақпарат бар-жоғын сұрады.


​

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Қазақстанға Pfizer вакцинасын жеткізуге қатысты сұрақтарға неліктен нақты жауап бере алмайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері аталған вакцинаның Қазақстанға жеткізілу мерзімі және жеткізу құны туралы ақпарат бар-жоғын сұрады.

Алексей Цой бұл сұрақтарға жауап бере алмайтынын, өйткені ол құпиялық келісімімен шектелгенін айтты. Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі Pfizer өкілдерінен брифингке шығып, көпшіліктің сұрақтарына жауап беруді сұраған.

"Біз Pfizer компаниясына хабарластық. Денсаулық сақтау министрлігі бірдеңені жасыратындай, сұрақтың барлығы үнемі бізге қойылады. Бірақ бізде құпиялық келісімі бойынша шектеулер бар. Біз Pfizer компаниясына хабарластық, менің ойымша, жақын арада бірлескен брифинг өткізетін шығармыз. Олардан халық алдына шығып, ақпарат беруін сұраймыз, өйткені келісімшартта бекітілген белгілі бір талаптар бар", – деп түсіндірді Цой.