"Миы қатты зақымданған": Екібастұзда жұмысшы биіктен құлап кетті

0
702

Оқиғаға байланысты тергеу басталды.


ERNUR.KZ. Екібастұзда 54 жастағы ер адам биіктіктен құлап кетті, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қаңтарда 15:36-да "Богатырь транс" ЖШС-нен биіктіктен құлау туралы қоңырау түсті.

"54 жастағы ер адам өндірістік жарақаттар алған. Ол ауыр дәрежедегі мидың жабық жарақаты, мидың зақымдану диагноздарымен Екібастұз қалалық ауруханаға жеткізілді", – деді станцияда.

Павлодар облысының еңбек басқармасының хабарлауынша, алтыншы разрядты электр жабдықтарын жөндеу бойынша электрик темір ұстасы жұмыстарды орындау кезінде 2,5 метрден құлаған. Жазатайым оқиға бойынша тергеу басталды.