Мобильді аударымдарға қатысты талап өзгереді

0
98

10 қарашадан бастап ең төменгі жалақының орнына айлық есептік көрсеткіш қолданылады.


Мобильді аударымдарға қатысты талап өзгереді

фото: Public Domain

ERNUR.KZ. Қазақстанда 10 қарашадан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа талап күшіне енеді, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі ереже бойынша, егер жеке тұлға қатарынан үш күнтізбелік ай ішінде 100 және одан да көп адамнан мобильді аударым арқылы ақша алса және аударымдардың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (1 020 000 теңгеден) асса, оның шотындағы операциялар кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс белгілері бар операциялар ретінде қарастырылады. Банктер мұндай мәліметтерді салық органдарына жібереді.
10 қарашадан бастап ең төменгі жалақының орнына айлық есептік көрсеткіш қолданылады. Жаңа талап бойынша, қатарынан үш күнтізбелік ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі адамнан түскен ақша аударымдарының жалпы сомасы 360 АЕК-тен асуы керек. Бұл 2026 жылы 1 557 000 теңгеге тең.
Тиісті өзгерістер министрдің бұйрығымен жеке тұлғалардың банктік шоттарындағы операцияларды кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарына енгізілді.
Бұйрықта жаңа талап жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке арналмаған банктік шотына қатарынан үш ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі адамнан түскен ақшаның жалпы сомасы 360 АЕК-тен асқан жағдайда қолданылатыны көрсетілген.