Мотоциклмен ер адамды 4 жасар қызымен қағып кетті

0
1 161

Қостанай тұрғыны жаяу жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан қызы мен әкесін қағып кетті


Мотоциклмен ер адамды 4 жасар қызымен қағып кетті

ERNUR.KZ. Қостанай тұрғыны мотоциклмен жаяу жүргіншілер жолағында кетіп бара жатқан 56 жастағы ер адамды 4 жасар қызымен қағып кетті, деп жазады sn.kz.

Оқиға Бекмағамбетов пен Жұмысшылар көшесінің қиылысында болған.

«1962 жылғы ер адам кеше кешке қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Басы, денесі жарақаттанған, сынған. Ал қызы облыстық балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр», — делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, мотоцикл жүргізушісі де ауруханаға келіпті. Жарақаты ауыр болмағандықтан ол үйіне қайтарылған.