Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 15 миллион теңге бөлінген.
фото: 24.kz
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында мың жарымға жуық оқушы жазғы демалысты Алакөл жағалауында өткізеді. Оның ішінде мың оқушы тегін демалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 15 миллион теңге бөлінген. Суы дертке шипа, емге қуат көл жағалауында балалар көне тарихтан сыр шертіп, ағылшын тілін үйренетін болады.
«Үржарайым» демалыс-сауықтыру лагерінде негізінен әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен түрлі олимпиада, спорттық жарыстарда топ жарған балалар демалады. Көршілес аудандардан да келушілер бар. Жазғы демалысты тиімді өткізу үшін қызықты ойындардан өзге туған жердің тарихынан сыр шертетін тағылымдық сабақтар да өткізіледі.
Өңірде балалар үшін көлден өзге аймақтарда да демалыс қарастырылған.Үржар ауданының оқуда озат, жарыстарда топ жарған оқушылары Астана қаласына арнайы сапармен барады. Сол сияқты жеткіншектерді Абай ауданындағы ақынның мұражай үйіне, Қатон-қарағайдағы тамылжыған табиғат аясына жіберу де көзделген.